Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің қызметкері Қайрат Тарыбаев: “Қыркүйектің 1-інде Атырау облысында жауған қатты нөсерден сел жүріп, пойыз аударылып үш адам опат болды. Жол апатына нөсер жауынның темір жол төсемін шайып кетуі себеп болған. Құрылыс материалдары мен мұнай өнімдері тиелген вогондар аударылып, сол жерде өртке оранған”, дейді. Оның айтуынша, Атырау облысының Мақат ауданында шелектеп құйған жаңбыр мен қара дауыл теміржолға ғана зиянын тигізіп қойған жоқ. Мақат және Доссор сияқты ірі елді мекендер, төңіректегі ауылдар мен жолдарда су астында қалды.
«Бүгін дүйсенбі күні таңғы сағат 8-де алынған мәлімет бойынша Мақат ауданының Доссор елді-мекенінде 43 тұрғын үй зардап шегіп, оның 31-і құлаған. Ал Мақат ауылында мұндай құлаған үйлер саны 5-еу болып отыр. Бұл үйлердің барлығы лайдан жасалған кірпіштен тұрғызылған үйлер. Қазіргі кезде Доссорда – 285 адам, Мақатта – 855 адам баспанасыз қалды», - деді Қ.Тарыбаев.
Қайрат Тарыбаевтың айтуынша, қазіргі таңда баспанасыз қалған тұрғындар туған-туыстары мен балабақша, мектеп ғимараттарына орналастырылған. Ол: “Алдын-ала мәліметтер бойынша табиғат апатынан келген шығын 1,3 млрд. теңгені құрады. Апаттың салдарларын жою жұмыстарына 37 техника мен 116 адам жұмылдырылды. Сол өңірде жұмыс жасап жатқан “Аджип” компаниясы 133 жанұяға азық-түлік беріп көмек көрсетті. Аудандық, облыстық қазынадан 50 жанұяға көмек көрсету үшін қаржы бөлінді”, дейді.
Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің бірінші орынбасары Мерғазы Жоламанов: “Жолдарды су шайып кеткендіктен алыстағы ауылдарға бару мүмкін болмай отыр. Жағдай өте қиын. Доссор елді мекенінде -13 мың, Мақатта – 10 мың халық тұрады. Құлаған үйлер бар. Соның бәріне акты жазып, қаттап-шоттап қолдан келген көмекті көрсеттік. “Аджип” компаниясы ауыз судан көмек көрсетті. Соны тұрғындарға үлестіріп жатырмыз”, деді “Азаттық” радиосына берген сұхбатында.
“Үйіміз құлап қалмағанымен 3 бөлменің төбесінен су ағып кетті. Күн ашылғаннан кейін өзіміз қыбырлап су өткен үй төбесіне лай салып, топырақ төктік. Енді құлап қалмаса болды деп отырмыз. Үйлері құлап қалғандарды балабақшаға көшіріп жатыр. Ары қарай қандай көмек береді оны білмедім”, - дейді Мақат ауылының тұрғыны Гүлжан Жанпейісова.
Ал Мақат стансасындағы теміржол қозғалысы қыркүйектің 3-і күні кешке таман ғана реттеліп пойыздар жүре бастаған. Оқиғаны көзімен көрген Атырау қаласының тұрғыны Қатима Байжанова:
“Теміржолдарға пәленбай жылдап жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Теміржолдар астынан су ағарлар қойылады ғой. Соны қарамаған. Цементін құйып, дұрыстап бекітіп тастаса болады ғой соны. Пойыздар да құламас еді. Соның салдарынан адам шығы орын алып отыр. Сол күні мен Маңғыстаудан келе жатыр едім. Біз жол ашылғанша 10 сағат далада тұрдық. Құлаған вогондарды әлі алып болмапты. Әлі түтіндеп жатыр”, - дейді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік мамандары: “Облыста табиғат апатының зардаптарын жою жөнінде комиссия құрылды. Жолдарды су шайып кеткендіктер нөсердің келтірген нақты шығынын анықтау мүмкін болмай отыр”, дейді.