Accessibility links

Президент Қ.Бәкиев АҚШ әскери базасы Қырғызстанда қалады деп қайталап айтты


МӘСКЕУ. Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев Ауғанстандағы жағдай тұрақтылыққа ие болғанға дейін АҚШ-тың Қырғызстандағы әскери базасы елде қала береді, бірақ жалға беру бағасы өседі деп мәлімдеді. Бұл туралы Бәкиев мырза Ресейге сапары барысында айтты. Сонымен қатар, Қырғызстан президенті Бәкиев пен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде өзара екінші келіссөзін өткізді. Кездесу барысында екі елдің қарым-қатынастары, әсіресе экономика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
XS
SM
MD
LG