Accessibility links

500 мыңдай халық тұрған Нью-Орлеанда 10 мыңға жетпейтін тұрғын қалды, 10 мыңға жуығы құрбан болды


НЬЮ-ОРЛЕАН. “Катрина” дауылынан келген зардапты бағалау үшін Нью-Орлеан қаласының кейбір тұрғыны кейін орала бастады. Апатқа дейін 500 мың халқы болған қалада 10 мыңға жетпейтін тұрғын қалды. Бүгін қаладағы бұзылған бөгеттердің бірі қалпына келтірілді. Алайда қаланы судан толық құрғату үшін кемінде 80 күн керек көрінеді. Нью-Орлеанның әкімі Рэй Нейгин қалада 10 мыңдай адамның құрбан болуы мүмкін деп мәлімдеді. АҚШ-тың алыстағы Юта мен Мичиганнан бастап, көптеген штаты апат болған аймақтан көшірілген тұрғындарды қабылдауға дайындалуда. Ең көп 240 мың халықты Тексас штаты қабылдамақшы.
XS
SM
MD
LG