БАҒДАД. Бүгін Ирақта жеке-жеке шабуылдарда АҚШ-тың 3 жауынгері қаза болды: екеуі Бағдадта жол бойындағы бомбаның жарылысынан опат болып, тағы екеуі жараланса, үшінші АҚШ жауынгері Таль-Афар қаласында оққа ұшты. Әл-Халидия қаласында жол бойындағы бомбаның жарылысынан 4 Ирақ жауынгері мен жергілікті 3 тұрғын қаза болып, 5 жауынгер жараланды. АҚШ-тың әскери теңіз ұшақтары Сирия шекарасына жақын Ирақ қаласының бірі - Қарабиладағы Бағдад пен басқа қалаларда террористік шабуылдарды жүзеге асырып жатқан шетелдік лаңкестердің басты өткелі болған 2 көпірді бомбалады. Бүгін АҚШ әскері Ән-Наджаф қаласын Ирақ күштерінің қадағалауына берді.