Сайлау бекеттерінде заңсыздықтардың орын алғандығына орай бүгін шағымданатындығын ол хабарлап отыр. Оның орынбасары Хишам Кассем бұл жөнінде ең әуелі елбасылық сайлаулар жөніндегі комиссияға шағымданатындығын айтты. Қажет болған жағдайда сотқа да арызданбақшы. Нұр мырза- Ғад, яғни “Ертең” деп аталатын партияның жетекшісі. Мысырда алғаш рет балама үміткердің қатысуымен өткізілген елбасылық сайлауларда Хосни Мубаракқа қарсылас ретінде Нұр бәйгеге қатысқан болатын.