АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Иран күдікті ядролық бағдарламасын тоқтатпаса БҰҰ шектеу шараларына тап болады деп қысым жасауға Ресей, Қытай және Үндістан қосылса жөн деп мәлімдеді. Иран құпия түрде ядролық қару өндіріп жатыр деп біледі АҚШ. Ядролық қару таратпау жөнінде Иран міндеттемесін орындасын деген талап тек Еуропа Одағының үш елінен емес, АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және басқа мемлекеттерден де айтылса дұрыс, - деді Кондолиза Райс. Иран мен Еуропа Одағының келіссөздері тұйыққа тіреліп, Иран уран байыту қызметін қайта бастап кетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі