“Эпоха” басылымының соңғы санында бүгінгі таңда түрмеде отырған, Қазақстандағы оппозиция басшыларының бірі Ғалымжан Жақияновпен жүргізілген сұхбат жарық көріпті. Ғалымжан Жақияновтың айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы президенттік сайлауға қатысуы арқылы өзінің өміріндегі ең үлкен саяси қателік жіберіп отыр. Газет тілшісіне берген сұхбатында Ғалымжан Жақиянов осындай шешім қабылдау арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың шет елдегі де, елдің арасындағы беделінің де күрт төмендеп кететіндігін сөз қылыпты. “Сайлауға қатысу туралы шешім қабылдау арқылы Нұрсұлтан Назарбаев елдің өмірін өзгертуді емес, өмір-бақи биліктің басында қалып қоюды көздеп отырғандығын анық аңғартты” дейді, Ғалымжан Жақиянов. Сондай-ақ Ғалымжан Жақиянов үнемі Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кеткісі келмейтіндігін айта келіп, ылғи да таза сайлау өткізу үшін оған түрлі кедергілердің кездесіп жүретіндігіне тоқталыпты. Өз сұхбатында Ғалымжан Жақиянов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қырық жыл бойы өз халқын шөл даламен алып жүрген Мұса пайғамбар туралы мысалды жиі айтатындығын сөз қылып, шын мәнісінде Мұса пайғамбардың еврейлерді құлдықтан құтқарғысы келгендігін, ал Нұрсұлтан Назарбаевтың керісінше өз халқын құл қылып ұстап отырғандығы туралы өз ойын білдіріпті.
“Алма Ата инфо” басылымында жарық көрген Евгения Войткевичтің мақаласында қандай қиындық көрсе де Ғалымжан Жақияновтың өз ойынан қайтпайтын қайсар мінезді азамат екендігі баяндалыпты. Автор өз мақаласында қазан айының басында Қазақстан заңнамасына сәйкес Ғалымжан Жақияновтың түрмеден босатылуы тиіс екендігін айтып, билік тарапынан оны болдырмау үшін түрлі қитұрқы әрекеттердің жасалып жатқандығын хабарлапты. Осы сөздеріне дәлел ретінде мақала авторы таяуда Ғалымжан Жақияновқа қарсы әкімшілік шараның қолданылғандығын мысалға келтіріпті. “Әділетті Қазақстан” қозғалысының басшысы Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, мұның бәрі де Қазақстандағы оппозицияның көшбасшысы Ғалымжан Жақияновты саяси науқан алдында бостандыққа шығармау мақсатында жасалып жатыр.
“Азат” газетінің соңғы санында Қазақстандағы оппозиция өкілдерінің Ғалымжан Жақияновты бостандыққа шығару жөніндегі мәлімдемесі жарияланыпты. Аталмыш мәлімдемеде, қазан айының басында Ғалымжан Жақияновтың түрмеде отырғанына үш жарым жыл болғандығы және оның қылмысы үшін емес, саяси негіздегі тұтқын екендігі, ендігі жерде қазақстандықтардың да, халықаралық қауымдастықтың да күмәнін туғызбайтындығы айтылыпты. Сондай-ақ оппозиция өкілдері 2005 жылдың 2 қазанында оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына құқықтық негіздің күшіне енетіндігіне тоқталып, билікке жақпайтын саясаткер ретінде Ғалымжан Жақияновты түрмеде ұстай тұру үшін, оған ойдан шығарылған әртүрлі тәртіп бұзушылықтар таңылып, сөгістер жарияланып жатқандығын мәлімдепті.
Қазақстан Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев “Свобода слова” басылымының соңғы санына берген сұхбатында, өз бастығына Ғалымжан Жақияновты түрмеден шығару қажеттілігі жөнінде кеңес бергендігін хабарлапты. Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, Ғалымжан Жақиянов түрмеден шыққан күннің өзінде қазақстандық сайлаушылардың көңіл-күйін өзгерте алмайды. Алайда Ермұхамет Ертісбаев Қазақстандағы оппозиция өкілдерінің де, биліктің де Ғалымжан Жақияновтың төңірегінде саяси ойын жүргізгендігіне қарсы екен. “Свобода слова” басылымында жарық көрген Сая Иссаның мақаласында қой бағып жүрген Ғалымжан Жақияновтың сенбіден жексенбіге қараған түнде жаңбыр жауа бастаған кезде, жылы киім алу үшін кеткеде, құқық қорғау орындары қызметкерлерінің келіп, оның жұмыс орнында жоқ екендігі туралы акт толтырғандығы баяндалыпты. Мақала авторы бұл оқиғаның биліктің тапсырысымен жасалып отырғандығы туралы өз ойын білдіріпті.