Еуропа Одағы Беларус еліне бағыттап хабар тарататын тәуелсіз радиостанция мен телекомпанияға ақша береміз деп мәлімдеді. Алдағы екі жылда бұл мақсатқа екі жарым миллион доллар бөлініп отыр. Еуропа Комиссиясының өкілі Эмма Удвин Беларус елінде адам құқықтары жаппай бұзылып жатыр, Беларус елін еркін ақпаратпен қамту мұқтаждығы бар деп сипаттады. Жаңа радиостанция мен телекомпания орыс және беларус тілдерінде ақпарат таратпақ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты