АСТАНА. Бүгін біріккен қазақ оппозициясының лидері Жармахан Тұяқбай Орталық сайлау комиссиясына өзін президенттікке үміткер ретінде тіркейтін құжаттарын тапсырады, деп хабарлайды “Әділетті Қазақстан үшін” қоғамдық қозғалысының баспасөз-қызметі. Әр жылдары Қазақстанның Бас прокуроры, Парламент Мәжілісінің спикері, президенттік “Отан” партиясы төрағасының орынбасары болған Ж.Тұяқбай – қоғамдық қозғалыстың сенбі күні болып өткен жиынында президент сайлауына үміткер ретінде бірауыздан ұсынылды. Жиынның артынша ол “Мен күреске дайынмын!” деп мәлімдеді. Осы жылдың 4-інші желтоқсанында өтетін президент сайлауына дауысқа түсетінін экс-сенатор Уәлихан Қайсар мен қазіргі елбасы Н.Назарбаев та мәлімдеп үлгерді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жерге жығып, дубинкамен сабаған"
Қаңтар құрбаны Жасұлан Анафияевты азаптап өлтірді деп айыпталған полицейлер сотталды
AzattyqTV