КИЕВ. Кеше Украина президенті В.Ющенко ресми билік сыбайластық жемқорлыққа батты деген ақпарды 10 күннің ішінде тексеру туралы елдің Қауіпсіздік кеңесіне нұсқау берді. Президент маңындағы тұлғаларға қарсы мұндай айыпты өткен аптада премьер-министр Юлия Тимошенко мен мемлекеттік хатшы Олександр Зинченко таққан болатын. Осы мәлімдемеден кейін В.Ющенко бүкіл үкіметті таратып, жаңа үкіметті жасақтауды Юрий Ехануровқа жүктеді. Кеше В.Ющенко қауіпсіздік қызметінің жаңа директорын тағайындап, оған адам саудасы мен есірткі контрабандасына қарсы күресті күшейтуді тапсырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?