ВАШИНГТОН. Бүгін АҚШ пен Ирақ президенттері Дж.Буш пен Жалал Талабани Ақ үйде кездесіп, Ирақтың жаңа конституциясын қабылдау мәселесін талқылауға тиіс. Сүннит лидерлерінің қарсы болуына қарамастан, жаңа конституция 15-інші қазанға тағайындалған референдумда қабылдануға тиіс. Сириядан Ираққа қарай өтіп жатқан шетелдік лаңкестердің басты “өткелі” болып келген Таль-Афар қаласында кеше АҚШ пен Ирақ әскерлерінің ірі операциясы тағы жалғасты. Осы күні Ирақтың сыртқы істер министрі Сирияны партизандардың өз террриториясы арқылы Ираққа өтуіне мүмкіндік береді деп айыптап, “Дамаск отпен ойнап отыр” деп ескертті. АҚШ-тың Ирақтағы елшісі де “Вашингтонның шыдамы таусылуға тақады”, “Сирияға жаза қолданудың түрлі жобасы қол қоюға дайын тұр” деп мәлімдеді. Сирия бұл айыптарды жоққа шығарып келді.
Бүгін Вашингтонда АҚШ пен Ирақ президенттері Ирақтың жаңа конституциясын қабылдау мәселесін талдауға тиіс
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?