Accessibility links

Өзінің бейбіт ядролық бағдарламасын АҚШ-тың жоймақ болған әрекетіне Солтүстік Корея көнбейді


БЕЖИН. 5 апталық үзілістен кейін Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы 6 жақты келіссөз Бежинде бүгін қайта жалғасуға тиіс. Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен жыл сайынғы әскери жаттығуына Солтүстік Кореяның наразы болуынан кейін бұл келіссөз 3 апта кешігіп басталмақшы. 6 жақты келіссөздің 13 күнге созылған соңғы сатысы ешқандай нәтиже бермей 7-нші тамызда аяқталды. Осы келіссөзге қатысатын АҚШ делегациясының жетекшісі К.Хилл 5 апталық үзілісті ресми Вашингтон “өте жемісті пайдаланды” деп мәлімдеді. Бірақ ресми Пхеньянның өкілі Ким Гай-Гуан “өзінің бейбіт ядролық бағдарламасын АҚШ-тың жоймақ болған әрекетіне Солтүстік Корея көнбейді” деп ескертті.
XS
SM
MD
LG