Accessibility links

НАТО қорғаныс министрлері Ауғанстандағы қызметті талқылады


НАТО одағының қорғаныс министрлері кеше Берлин қаласында жиналып, Ауғанстандағы бітімгершілік қызметті арттыру жолдарын талқылады. АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд НАТО терроризмге қарсы күрес қызметін өз қолына алып, түптің түбінде АҚШ әскерін Ауғанстаннан әкетуге жағдай жасайды деп үміт білдірді. Жоба бойынша НАТО Ауғанстанда екі әскер ұстамақ, оның бірі бітімгершілік қызметпен айналыспақ, екіншісі террористерге қарсы соғыспақ, бірақ басқару ортақ болмақ. Германия қорғаныс министрі бұл жобаға қолдау танытса, Франция қорғаныс министрі екі әскердің қолбасшылықтары бөлек болса жөн деді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Ұлттық пантеон қажет пе?

XS
SM
MD
LG