Беларус президенті Александр Лукашенко БҰҰ Бас Ассамблеяның жиналысында сөйлеп, Америка Құрама Штаттары ғаламдық тұрақсыздыққа жол ашады деп мәлімдеді. АҚШ басшылығы әлемді бір өзі билеп төстегісі келеді, сондықтан өзге елдердің ішкі шаруасына қол сұғады, себеп жоқ жерде демократия мен адам құқықтары деген мәселелермен бопсалайды, - деді Беларус президенті. Александр Лукашенко, сол сияқты, Совет Одағы құлаған соң Беларус ядролық қаруынан өз еркімен бас тартқан, Беларус көршілес елдерге ешқандай қауіп төндірмейді деп көрсетті.