Әлем басшылары негізгі мәселе ретінде терроризмді атады. Ресей президенті Владимир Путин терроризмді нацизмның идеологиялық мұрагері ретінде көрсетті, БҰҰ терроризмге қарсы халықаралық күресті жетектеу керек деді. Ирақ президенті Жалал Талабани терроризмге қарсы күресте халықаралық қауымдастықтың тәжірибесін, инвестицияларын, моральдық көмегін мұқтаж етеміз деді. Бас Ассамблея жиналысында бүгін Қырғызстан, Молдова, Армения, Өзбекстан Әзірбайжан және Түркіменстан өкілдері сөйлемек. Украина президенті Виктор Ющенко халықаралық терроризмге қарсы күреске салмақты үлес қосамыз деп уәде айтты. Сербия және Черногория сыртқы істер министрі Вук Драскович Косоводағы барлық ұлттардың тең құқықтары қамтылу керек деп талап қойды. Албания президенті Альфред Мойсиу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамы ұлғайса жөн деп ұсыныс айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес