Accessibility links

Румыния өзбек босқындарына қолдау көрсете береміз деді


Румыния сыртқы істер министрі Михай Разван Унгуреану баспана алған жүздеген өзбек босқынына одан ары қолдау көрсете береміз деді. Румыния сыртқы істер министрі Өзбекстаннан кейбір наразылық түсіп жатса да, кейбір босқындар Әндіжан көтерілісі үшін айыпты деп айтылып жатса да, Румыния босқындарға пана беруді өз міндетіндей көреді деді. Румынияның қазіргі шешіміне өзбек өкілдері қатты қарсылық көрсетіп жатыр. Бірақ кез-келген өркениетті ел сияқты түрлі келсімдерді орындауға берікпіз, - деді Михай Разван Унгуреану. Румыния сыртқы істер министрі Нью-Йоркте БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі жоғары комиссары Антонио Гютерреспен кездесті. Кездесу барысында Румынияда осы халықаралық ұйымның өкілеттігін ашу сөз болды, осылайша Орталық Азия аймағынан болашақта келетін босқындарға тікелей қызмет атқарылмақ.
XS
SM
MD
LG