Accessibility links

Қытайдағы 6 жақты келіссөз дүйсенбі күні тағы жалғасады


БЕЖИН. Бүгін Қытайдың Синьхуа агенттігі хабарлағандай, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөз дүйсенбі күні әрі қарай жалғасады. 6 елдің делегациялары Қытай жасаған қорытынды құжаттың жобасымен танысу үстіде. Оның мазмұны әзірше белгісіз. Ресми Пхеньян бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын дамытуға құқы барлығын дәлелдеп бағуда. Ресми Вашингтон оның мұндай құқы жоқ деп келеді. Келіссөзге АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония және Солтүстік пен Оңтүстік Корея өкілдері қатысуда.
XS
SM
MD
LG