БАҒДАД. Бүгін Ирақтың Басра қаласында халық көтеріді. Жергілікті шийттер тобының қолбасшысын дереу босатуды талап еткен бірнеше жүз адам қаланың көшелерін бөгеді. Әсірешіл шийттердің рухани көсемі Мұқтада Ас-Садрдың үзеңгілесі болып табылатын Шайх Ахмуд Фартоси жұма күні ұсталған болатын. Оған Басра қаласындағы қауіпсіздік күштерінің өкілдеріне қарсы шабуыл ұйымдастырды деген айып тағылды. Ирақта Ас-Садрдың “Махди армиясы” деп аталатын қарулы жасақтарына тыйым салынған.