Accessibility links

Алматы қаласының полициясы бейбіт мақсатта жиналған халықты тағы да күштеп таратты


АЛМАТЫ. Бүгін Алматы қаласында баспана салу үшін жер телімін бөліп беру талап етуге келген халықты полиция қызметкерлері күштеп қуып таратып, 12 адамды қамауға алды. Наразылық шарасын ұйымдастырушылардың бірі Марат Мыңбаевтың айтуынша, Алматы түбіндегі «Шаңырақ» мекенінен жер телімін бөліп беруді талап ету үшін 1 мыңға жуық халық жиналған. Полиция оларды жарты жолда тоқтатып, күштеп таратты. Өткен айда да Алматы полициясы қала әкімі И.тасмағамбетовтың қабылдауына кірмек болған халықты осылайша күштеп таратқан болатын.
XS
SM
MD
LG