Accessibility links

Бүгін МАГАТЭ Иранның ядролық мәселесін қарастырады


ВЕНА. АҚШ, Британия, Франция және Германия елдері Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беруі мүмкін. Жексенбі күні аталған елдердің ресми өкілдері Нью-Йоркте кездесіп, осы мәселені талқылаған болатын. Ал бүгін Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ - өкілдері де Венадағы отырысында Техранның ядролық бағдарламасы мәселесін қарастырмақшы. Сенбі күні Иран президенті Махмұд Ахмадинежад ядролық отын өндіруге Иранның құқы бар деп мәлімдеді. Америка Құрама Штаттары Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп айыптаған болатын, бірақ Иран президенті мұны жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG