Accessibility links

Ауғанстанда парламенттік сайлаулар аяқталды


КАБУЛ. НАТО-ның бас хатшысы Яап де Хуп Скеффер Ауған халқын елде өткен парламент сайлауларымен құттықтады. Скеффердің айтуынша, Ауғанстанда миллиондаған батыл адам дауыс беру құқынан пайдаланған. Ауған президенті Хамид Карзай да өз елін 30 жылдан астам уақыттан кейін елде тұңғыш рет өткен парламент сайлауларымен құттықтады. Карзай мырза сондай-ақ халықаралық қауымдастық пен Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне сайлауды ұйымдастырғандары үшін алғыс айтты. Ауғанстанда НАТО-ның 10 мыңдай әскері бар. Басқа да хабарларға қарағанда, соңғы 24 сағат ішінде Ауғанстанда зұлымдықтан 15-ке жуық адам қаза тапқан, бірақ сайлау барысында тәліптер айтарлықтай бір үлкен шабуыл жасамаған.
XS
SM
MD
LG