КАБУЛ. Ауғанстандағы сайлау басқармасының өкілі Питер Эрбеннің бүгін хабарлағанындай, дауыс бергендердің 1/3-ін сараптаған компьютердің есебіне қарағанда, 36 жылдан кейін кеше болып өткен парламент сайлауында тіркелген 12 млн.-нан астам сайлаушының жартысы ғана дауыс берген. Оның ескертуінше, дауыстар толық есептелген соң, бұл мәлімет өзгеруі мүмкін. П.Эрбен жексенбілік сайлауды жетістік деп бағалады. Өткен жылғы президент сайлауына сайлаушылардың 70 пайызы қатысты. Дауыстарды есептеу ертең басталып, сайлаудың ақырғы қорытьындысы 22 қазанда жарияланатын болады. 2001 биліктен құлатылған тәліптердің қалдықтары сайлауға бөгет бола алмады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV