Accessibility links

А.Меркель – Германия канцлерінің лауазымына отырған тұңғыш әйел бола ала ма?


БЕРЛИН. Бүгін Германиядағы христиан демократтары партиясының басшылығымен кездесуінен кейін оның лидері Ангела Меркель коалициялық үкіметті жасақтау мәселесі бойынша солшылдардан басқа барлық партиямен келіссөз жүргізуді жоспарлағанын мәлімдеді. Оған қоса социал-демократиялық партияның лидері Герхард Шредер де өзінің қазіргі одақтасы болып табылатын “жасылдар” партиясымен қатар оппозициядағы консерваторлар мен либералдық партияларды коалициялық үкімет мәселесін талдауға шақырды. Сайлаудың бастапқы қорытындысына сәйкес, А.Меркельдің христиан демократтары 35,2 пайыз, ал Г.Шредердің социал-демократтары одан 1 пайыздай дауысты кем жинады. Алайда бұл дауыс екі партияға да жаңа үкіметті жасақтауға мүмкіндік бермейді.
XS
SM
MD
LG