Accessibility links

“Әл-Қаида” Лондондағы шабуылдарды біз ұйымдастырдық деп мойындады


ДУБАЙ. Шілденің 7-сі күні Лондонның транспорт жүйесіне жасалған шабуылдарға байланысты жауапкершілікті террористтік “Әл-Қаида” ұйымы өз мойнына алды. “Әл-Жазира” телеарнасы арқылы көрсетілген жаңа бейнетаспада “Әл-Қаида” басшысының орынбасары Айман әл-Зауахри шілде айында Лондонда орын алған жарылыстарды “Әл-Қаида” ұйымы ұйымдастырды деді. Әл-Зауахри Ұлыбританияны 100 жыл мұсылмандарға қарсы басқыншылық жасаған, және Ауғанстан мен Ирақтағы мұсылмандарға қарсы әрекеттер жасауда деп айыптады. Лондондағы жарылыстардан 52 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG