Accessibility links

С.Иванов (Ресей): “...бұл сайлау Ауғанстаннан ағылған есірткінің мөлшерін азайта алмайды”


КАБУЛ. Халықаралық қауым Ауғанстанда жексенбі күні болып өткен сайлауға жақсы баға беруде. Еуроодақ атынан келген бақылаушылардың жетекшісі сайлау жалпы ойдағыдай және тыныш өтті деп мәлімдеді. Француз сыртқы істер министрлігі бұл сайлауды “демократияға қарай шынайы қадам” деп бағалады. Олардан бұрын Ауғанстандағы сайлауға АҚШ президенті, ағылшын премьер-министрі және НАТО-ның Бас хатшысы жақсы баға берген болатын. Алайда Ресейдің қорғаныс министрі бұл сайлау Ауғанстаннан ағылған есірткінің мөлшерін азайта алмайды деп мәлімдеді. Ауғанстандағы бұл сайлау – 36 жылдан бері алғаш рет өтіп отыр. Қорытындысы қазан айында жарияланатын болады.
XS
SM
MD
LG