АШХАБАД. Түркіменстанның бұрынғы мұнай министрі Сапармұрад Уәлиев 25 млн. долларды жымқырды деген айыппен 24 жыл мерзімге түрмеге жабылды. “Turkmenneftgaz” ұлттық мұнай компаниясының бұрынғы президенті Ілияс Чариевқа көп айып тағылып, ол 25 жылға кесілді. Түркімен президенті С.Ниязов осы екі тұлғаны Украинамен арадағы сауда қатынасындағы қаржыны жымқырды деп айыптап отыр. Осы жылы экс-вице-премьер Ел Құрбанмұрадовты шамамен 60 млн. доллар қаражатты қалтасына басты деген айыппен қызметінен аластатқан С.Ниязов мұнай-газ саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес жариялады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы