Accessibility links

Ұлыбритания Қазақстанның ұлттық ядролық орталығына грант бөліп отыр


Британдық мамандар Курчатовтағы ұлттық ядролық орталыққа тек зерттеу жұмыстарына 35 мың доллар көлемінде грант бөліп отыр. Олар мұнда қыркүектің 23-іне дейін болады. Ал, Қазақстан жағынан жоғары технологиялар жобаларына алғашқы кезде 273 миллион теңге бөлінген. Ғалымдардың айтуынша, осы инвестицияның арқасында, тіпті атом электр стансасын салмаса да ядролық технологиялар саласынан едәуір қаржы табуға болады. Ядролық технологиялардың арқасында мұнай, медицина және басқа да салаларда қолданылатын алуан түрлі бұйымдар жасалады.

Қазақстанның Курчатов қаласында ядролық технологиялар паркі атты жаңа акционерлік қоғам құрылды. Қазір жобаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласының тура маңынан жер бөлінді. Сарапшылар мұнай саласына қарап отырмай болашақ технологияларды дамыту керек десе, келесілері қауіпсіздік шараларын толық ойластырмай жатып технопарк салу ертерек деген пікірлерін білдірді. Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталығының бас инженерінің орынбасары Виктор Заубоның айтуынша, жапондықтар алдғашқы кезде маркетингтік зерттеулерге 35 мың доллар береді.

Бұл кәсіпорын құнды қағаздарының 100 пайызы мемлекет меншігінде болады деп хабарланған. Курчатов қаласының әкімі Әнуарбек Мұхтарханов хабарлағандай, Қаладағы инфрақұрылымды қайта қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 12 миллиард теңге бөлінеді. Оның сыртында тағы 11 миллиард теңге технопарктің өндірістік кешендерін салуға жұмсалмақ. Мамандардың айтуынша Қазақстанда ядролық технологиялар төңірегінде жұмыс жүргізетін өндірістік шикізат және құқықтық база бар. Саясаттанушы Сейфолла Сапановтың айтуынша, Қазақстанға ядролық қаруды емес, уран шикізатын табуды дамытқан тиімді:

«Біз уранды жалпы осыған ұқсас бағдарламаны дамытуымыз керек. Мұнай бітеді, сонда болашақта ядролық физиканы дамыту мақсаты экономиканы дамытатын көз болады».

Оның сыртында, инженерлік инфрақұрылым және жоғары білікті мамандар жеткілікті. Бұл байлық Қазақстанға Кеңес одағынан қалған дейді олар. Ол кезде ядролық технологиялар саласы құпияда сақталған. Кейін Қазақстаннан көптеген ғалымдар кетіп қалған. Қаржы тапшылығынан көптеген зертханалар жабылып қалды. Ал, Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан кезде әскери саладағы барлық жұмыстар тоқтатылған болатын, дейді физик ғалымдар. Әйтседе, ядролық физика институтының бас инженері Александр Борисенконын айтуынша, тіпті атом электр стансасын салмасада ядролық технологиялар саласынан едәуір қарыжы табуға болады. Мысалы, мұнай құбырларын тазалауға, радиофармацевтикада қолданылатын препараттар жасауға және өте мықты қаптағыштар жасауға ядролық технологиялар қажет екен. Ал, саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, осының барлығын ескеріп жобаға қолдау жасау қажет:

«Зияткерлік меншікті дамытуға мемлекет септігін тигізу керек. Қазір ол толық жүргізілмей отыр. Мысалы Үндістанда компьютер технологиясының арқасында алға шықты. Бұл жалпы болашақтың әлемдік дамудың талабы».

Ғалымдардың айтуынша, медицинада қолданылатын радиоизотоптарды Қазақстанда шығарса импорттауға кететін едәуір қаржы үнемделеді. Ал салық Қазақстанға төленеді. Қазақстандық ғалымдар ядролық технологияларды адамның ағзасындағы ауруларды анықтау үшін қолдана аламыз, дейді. Оның сыртында, физиктер қатерлі ісіктерді емдеуде қолданылатын сәуле жіберу жабдықтарын жасай аламыз, дейді. Қазір ол шет елдерден тасымалданады. Сондықтан, науқастарға өте қымбатқа түседі. Сондай-ақ, ядролық технологиялар медициналық материалдарды хирургтарға даярлап тазалауға септігін тигізеді екен. Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталығының бас инженерінің орынбасары Виктор Заубоның айтуынша, барлығы Курчатовта 13 жобаны жүзеге асыру көзделген.

Мұнай саласында да ядролық технологиялар қажет, өйткені құбырлардағы мұнай жерден алынған кезде радиоактивті болады дейді мамандар. Ал, физиктер сол құбырларды тазалап беруге дайын. Тағы бір жаңалық, ядролық технология арқасында ғалымдар синтетикалық каучукті өңдеп, өте мықты шатыр қаптау материалын жасап шығарады. Және оны 20 жыл қолдануға болады, дейді мамандар. Бар әлемде көптеген елдер ядролық технологиялардан орасан табыс тауып келеді. Салыстыратын болсақ Қытайда ядролық технология қолданудың арқасында ел бюджетіне 820 миллиолн доллар табыс түскен. Сондықтан, Қазақстанға көштен қалмау керек, дейді ғалымдар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG