Accessibility links

Басра қаласындағы қақтығыс Британ әскерінің мәселелерін тағы ортаға салды


Қақтығысқа себеп болған жайт – Ирақ полициясы британдық екі сарбазды қамауға алған, сосын оларды босатудан бас тартқан. Бұдан соң британ әскері жергілікті түрмені шабуылдады, арада қақтығыс орын алды. Бұл оқиғадан Басра қаласында шиитердің қарулы жасақтарының ықпалы өсе түскені көрінді.

Британия қорғаныс министрі Джон Рейд өз сарбаздарын түрмеден шығарып алуға Британия әскерінің құқығы "абсолюттік" дәрежеде деп сипаттады. Джон Рейд орталық үкіметпен жасалған келісім бойынша ол екі сарбаз Британия әскеріне қайтарылды деп мәлім етті. Ал жалпы бастаушы оқиға дүйсенбі күні орын алды, британдық екі сарбаз қарапайым ирақтықтар сияқты киініп жүргендерінде Ирақ полициясының қолына түсті. Ирақ полициясы британдықтар алдымен жол полициясының офицеріне оқ атты, сосын қамауға түсті деді. Басра әкімшілігінің өкілі Мұхамед Әл-Абади дүйсенбі күні оқиғаны қолма-қол былай сипаттады:

«Жауап алған соң олар Басра қаласында орналасқан Британия әскерінен екендерін, олар қызмет бабында жүргендерін білдік. Олар қандай тапсырма орындап жүргендерін айтудан бас тартты. Ол жайтты бастықтары да айтпай қойды. Бірақ мен бұл мәселені зерттеймін».

Бұдан соң оқиға тым қиын жағдайда ұласты. Британия өкілдері сарбаздар босатылсын деп талап қойды. Басра қаласының полициясы болса көшелерді аралап, халыққа дыбыскүшейткіштер арқылы үн салды, британдық сарбаздар түрмеден шығарылмасын деп талап қойыңдар деп үгіттеді. Дүйсенбі күні ақ британ әскері шойын мәшинелерді алға салып, сарбаздарды азат ету үшін түрмеге шабуыл жасады. Түрменің алдына жұрт көп жиналған екен, олар бір мәшинені өртеп жіберді, үш британдық сарбаз жарақат алды, арада оқ атылды.

Британия әскерінің өкілі Джон Леример Ирақ полициясы сарбаздарды шиит қарулы жасақтарына ұстап берді, сарбаздарымыздың өміріне қауіп төнді деген мәліметіміз болды дейді. Британ әскерінің өкілдері Ирақ ішкі істер министрлігі Басра полициясына сарбаздарды босатыңдар деген бұйрық берген, бірақ оған ешкім құлақ аспады дейді. Ақыры сарбаздар босатылды, бірақ полиция бекетінен емес, олар жақын маңдағы бір үйге апарылып, сол үйден босатылды. Оларды құтқару операциясы жүріп жатқанда сарбаздар полиция бекетінде қамалып отырды ма, жоқ па – анық емес.

Бірінші кезектегі мәселе – Басра қаласында қазір жаппай шиит қарулы жасақтарының бақылауы орнатылған. Саддам Хұсейннің үкіметі құлатылғанда қалаға кіріп, жергілікті халық құшақ жая қарсы алған британ әскерінің беделі азайған. Бұл жердегі қызық жайт – жексенбі күні британ сарбаздары "Әл-Махди" тобының екі жетекшісін қамауға алған болатын. Бұдан соң дүйсенбі күні ақ Басра полициясы екі британдық сарбазды қолға түсірді. "Нью-Йорк" полициясы шиит жасақтары оларды кепілдікке алғысы келген көріндеді деп жазады. Дубайда орналасқан "Парсы шығанағы зерттеу орталығының" сарапшысы Мұстафа Алани Британ әскері Басра қаласында баяғыда бақылауын әлсіретіп алған, жерлікті әкімшілік шешетін көптеген мәселені шиит жасақтары билейді, жергілікті полиция офицерлері Бағдадтағы орталық үкіметке бағынудан қалған дейді. Жалпы, дейді сарапшысы Мұстафа Алани, Басрада өз ара жанжал көп. Біріншіден шиит топтары өз ара билікке таласып жатыр. Екіншіден, шиит жауынгерлері араб сұннитері мен христиан азаматтарына тисіп, оларды қаладан ығыстырып жатыр. Үшіншіден, "Әл-Махди" тобы британ әскерімен күш сынасып жатыр. Халқы бір жарым миллионнан асатын Басра қаласында тоғыз мыңға жетер-жетпес британ сарбазы бар екен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG