Accessibility links

БҰҰ-ының Бас тергеушісі Сирияның ресми өкілдерін тергеу үшін Дамаскіге келді


БЕЙРУТ. Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Әл-Хариридің қастандықтан қаза болуын тергейтін БҰҰ-ының бас тергеушісі Детлив Мехлис Сирия шенеунектерінен жауап алу үшін бүгін Дамаск қаласына келді. Ливанның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мехлис Бейруттан Дамаскіге дейін жақсы қорғалған автокөлікпен жеткізілді. Оның келгені жайынан Сирия жағы әзірше растаған жоқ. Дамаск қаласына бірінші сапары барысында Мехлис мырза Сирияның сыртқы істер министрлігімен арада осы тергеудің ауқымы туралы уағдаласқан болатын.
XS
SM
MD
LG