КАБУЛ. Ауғанстан мен БҰҰ-ының бірлескен сайлау комиссиясы өкілінің бүгін “Азаттық” тілшісіне хабарлағанындай, бюллетеньдерді есептеу орталығына тасымалдап жеткізудің қиындықтарына байланысты дауыстарды есептеу кемінде 1 тәулікке кешіктірілетін болды. Сайлау комиссиясының өкілі Саид Хамидтің атап көрсетуінше, “Кабул өлкесіндегі дауыстарды есептеу ертең басталуға тиіс. Өзге өлкелерде қашан басталатынын мен анық білмеймін... бүгін басталуы керек болатын. Бірақ бюллетеньдерді есеп орталығына жеткізу проблемасы салдарынан кейінге қалдырылды. Иншалла, есептеу ертең басталады”.