Accessibility links

Украина Парламенті елбасы Виктор Юшенконың үкімет басшылығына ұсынысын кері қайтарды


Осы айдың басында Юлия Тимошенконың үкіметін таратысымен елбасы Юшенко үкімет басшылығына Юрий Ехануровты ұсынған болатын. Алайда оның кандидатурасын қолдап 223 депутат дауыс берген екен. Үкімет басы қызметіне бекіту үшін кем дегенде тағы үш адамның даусы қажет болатын. 450 депутаттың 28-і қалыс қалған екен. Мемлекеттік хатшы Олег Рибачюктің айтуынша Ехануровтың кандидаттығын қайта дауысқа салуды Юшенко Парламенттен сұрауы мүмкін. Ол сондай-ақ тағы бір үміткер ретінде Сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Юрий Луценконың атын да атады.
XS
SM
MD
LG