Accessibility links

Украина парламенті бас министрлікке, президент Ющенконың ұсынысымен, Юрий Ехануровты қолдап дауыс берді


Ехануров үшін бұл 2-жыйында 450 депутаттан 289ы дауыс берді. Бұл қажетті 226 дауыстан 63 дауысқа көп болды. Дауыс беру нәтижесін Парламент төрағасы Володимир Литвин жариялады.

«Қолдаушылар - саны 289, сонымен шешім қабылданды», - деді Верховна Рада төрағасы В.Литвин.

Сөйтіп, Юрий Ехануров бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың орнына қызметке бекітілді. Ал осыдан 2 күн бұрынғы дауыс беруде, Украина үкімет басына ұсынылған Ю.Ехунаровқа 3 дауыс жетпей қалған еді.
XS
SM
MD
LG