Accessibility links

Майамидегі Ұлттық дауыл орталығынан хабарлағанындай, Мексика шығанағы мен АҚШ-тың оңтүстік жағалауына жақындап келе жатқан «Рита» дауылы бүгін таңертең 3-дәрежеге дейін төмендеген


Бірақ оның құйын деңгейіндегі күші әлі де болса аса жоғары екен. Бұл «Рита» дауылы осыдан 3 апта бұрын «Катрина» құйыны қиратқан Нью Орлеанға да қауіп төндіруде. Техаста дауылдан қашып бара жатқан автобустардың бірінде өрт шығып, 24 зейнеткер күйіп қайтыс болды. Жұма күні Федералдық төтенше жағдайлар агенттігіне келген АҚШ президенті Дж.Буш:

«Бұл Рита дауылы кезінде біздің міндетіміз - алдын ала көмек беруге дайындалу, адамдардың өмірін сақтап қалу үшін штаттарға көмектесу, дауыл апатына кезіккендердің аяққа қайта тұрып кетулеріне жәрдемдесу болмақ», - деген.

Джордж Буш бүгін Колорадоға келіп, ондағы әскери басқармадан «Рита» дауылын бақыламақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG