Accessibility links

Бағдадта бүгін мәшинеге қойылған бомба жарылды


Кемінде үш ирақтық сарбаз және бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Мұның сыртында төрт сарбаз және үш бейбіт тұрғын жарақат алды. Басра қаласының соты апта басында жергілікті полицияның қолына түсіп, сосын босатылған екі британдық сарбаз қамауға алынсын деп бұйрық шығарды. Сот төрешісі ол екі британдық сарбаз Ирақ полициясының бір сарбазын өлтірді, екіншісін жаралады, рұқсатсыз қару ұстады, аты-жөндерін өтірік айтты деп айыптады. Британия қорғаныс министрлігі қамауға алу бұйрықтарының заң күші жоқ, Ирақтағы барлық британдық әскерилер Британия заңына бағынады деді.
XS
SM
MD
LG