Accessibility links

Венада Иранға шара қолдану мүмкіншілігі талқыланбақ


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Британия сыртқы істер министрі Джек Стромен Иранның ядролық мәселесіне қатысты қайшы көзқарастарды талқылады. Халықаралық атом энергетика агенттігі бүгін Венада Иранға шара қолдану мүмкіншілігін талқыламақ. Ресей сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Сергей Лавров Халықаралық атом энергетика агенттігі Иранның ядролық мәселесін байыппен, бейсаяси жолмен бақыласа жөн деп мәлімдеді. Еуропа Одағы Иран уран байытуды тоқтатпай қойды, сондықтан Иранға шара қолдану ұсынысын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шығару керек деп біледі.
XS
SM
MD
LG