Ресми өкілдердің айтуынша аймақтық санақ орталықтарына барлық дауыс бюллетеньдері жеткізілген. Кейбір аймақтарда санақ ісі аяқталуға жақын. Хабарларға қарағанда, бұл жолы шамамен 6 миллион 800 мыңдай адам дауыс берген. Оның 43 пайызы әйелдер екен. Елбасы Қарзайдың мықты қарсыласы Юнус Қануни Парламент депутаттығының бір орынын иеленген.