Accessibility links

Қазақстанда оппозициялық үміткерді қолдайтын штаб өртелді


ҚОСТАНАЙ. Кеше түнде Қазақстан президенті лауазымына оппозициялық “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысынан ұсынылған үміткер Жармахан Тұяқбайды қолдайтын Қостанай облыстық штабының кеңсесінен өрт шықты. Қозғалыс өкілдерінің хабарлауынша, кеңседегі компьютер мен басқа да ұйымдастыру жабдықтарына оттан үлкен нұқсан келді. Жапа шеккен ешкім жоқ. Оппозицияның мәліметі бойынша, қаскүнем шатырға шығып, жанар май құйылған 2 шөлмекті ішке тастаған. Қазақстанда кезекті президент сайлауы – 4-інші желтоқсанда өтуге тиіс.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG