БАҒДАД. Бүгін Бағдад іргесіндегі әскери Әбу-Грайб түрмесінен соғыс тұтқындары босатыла бастады. Ирақ үкіметінің талабы бойынша, қасиетті рамазан айының жақындауына байланысты 1 мыңға жуық тұтқын еркіндік алады. Экстремистерге рақымшылық жасалмайды. Бүгін таңертең, сондай-ақ, жанкешті-лаңкес полиция академиясы мен мұнай министрлігі орналасқан Бағдадтың орталығындағы күзет постында бомба орнатылған автокөлігін жарып, одан кемінде 10 адам қаза болды, 18-і жараланды. Жапа шеккендердің көбі - полицейлер.