БАҒДАД. Бүгін Ирақтың Искандария қаласы маңында полиция киімін киген қарақшылар бастауыш мектептің 5 шийт-мұғалімін және көлік жүргізушіні өлтірді. Бағдадта бомба қойылған автокөліктің жарылысынан кемінде 10 адам қаза болып, 18-і жараланды. Бұ шабуыл полиция мен үкімет қызметкерлерін нысанаға алған көрінеді. Оған қоса, АҚШ күштерінің хабарлауынша, көтерілісшілердің жол бойына бомба қойып ұйымдастырған жеке 2 шабуылынан 3 АҚШ жауынгері қаза тапты. Бүгін АҚШ әскері Бағдад түбіндегі Әбу-Грайб түрмесінен соғыс тұтқындарын шығара бастады. Ирақ үкіметінің талабы бойынша, рамазан айының жақындауына байланысты осы аптада 1 мыңға жуық соғыс тұтқыны еркіндікке шығарылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы