ВЕНА. Бүгін Иранның вице-президенті Ғоламриза Аға-заде атом энергиясы бойынша МАГАТЭ агенттінің Венадағы сессиясында агентікті “Иран мәселесін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру туралы сенбі күні қабылдаған қарары үшін өткір сынға алды. Оның айтуынша, Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі Қауіпсіздік Кеңесіне берілетін болса, ол Таяу Шығыстағы ахуалды ушықтырып жібереді. Ал Теһранда парламенттің кертартпа өкілдері МАГАТЭ-нің әлгі қарарына қарсы шара қабылдап, МАГАТЭ инспекторларының елдегі ядролық нысандарды тексеруіне жол бермеуге шақырды.
Ирандағы кертартпа күштер МАГАТЭ инспекторларының ядролық нысандарды тексеруіне жол бермеуге шақырады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі