ТАЯУ ШЫҒЫС. Израиль армиясы Газа аймағындағы палестиндік босқындардың Хан Юнис лагеріне және, әскерилердің мәліметі бойынша, Газа қаласындағы қару-жарақ жасалатын шеберханаға әуеден тағы да соққы берді. Кеше кешкісін эксремистік “Хамас” тобы осы жылы Қайырда қол жеткен бітімге қосылып, Израильді зымырандармен атқылауын доғаратынын мәлімдеген болатын. Бүгін Палестинаның жоспарлау министрі Хасан Әл-Хатиб: “Хамас” бастаған бірқатар топтың бітімге қосылуын біз қолдаймыз. Ендігі жерде біз палестиндіктерге қарсы шабуылдарын доғарып, Израильді де бітім-шартына қосылуға АҚШ бастаған төрттік көндіреді ғой деп үміттенеміз”, деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?