Accessibility links

Қырғызстан депутатының өлтірілуіне байланысты 80 азамат қамалды


Қырғызстан парламентінің депутаты Байаман Еркінбаевтың өлтірілуіне байланысты 80 азамат қамауға алынды. Байаман Еркінбаев өткен аптада Бишкекте үйінің маңында атып өлтірілген болатын. Байаман Еркінбаев президент Асқар Ақаевты биліктен кетірген демократиялық революцияға қаржылай көмектескен деген жорамал бар. Қырғызстан ішкі істер министрі Мұрат Сұталинов Байаман Еркінбаев өміріне қастандық жасағысы келеді деп күдіктенетін азаматтарды атап, хат жазып кеткен дейді. Қырғызстан парламентінде, сол сияқты, жаңа үкіметтің құрамына ұсынылып отырған 18 қызметкер дауысқа салынбақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG