Қазіргі кезде жасы 22-ге толып отырған Линдидің, Абу Ғрайб түрмесіндегі тұтқындарға зорлық жасап, оларды шешіндіріп тастап, тыр жалаңаш масқаралағандығы, кезінде фотосуреттер арқылы бүкіл әлемге тарады. Дүйсенбі күнгі айыптамада айтылғанындай, түрмедегі тұтқындарға көрсеткен қорлығы үшін Линди Ингланд 9 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін еді. Дегенмен, Ингланд өз зорлық-қорлық тірліктері үшін Одақтас күштерден және тұтқындардан кешірім өтінді.