Ал сәрсенбі күні Тель-Афар қаласындағы әскерге алу орталығында бомба жарған жанкешті әйел өзімен бірге бес адамның өмірін алып кеткен болатын. Тағы 50 адам жараланған еді. АҚШ президенті Дж.Буш келесі айдың ортасында Ирақ Конститутциясының жобасы бойынша өтетін референдум алдында Ирақта қақтығыстар өрши түсуі мүмкін деп ескертті. Президент Буш сәрсенбі күні өз әкімшілігінің Ирақтағы саясаты жеңіс стратегиясына бағытталған деп атап көрсетті. Ал бүгін АҚШ Конгресі алдында Америка әскерінің бірқатар қолбасшылары АҚШ-ң Ирақтағы күш-жігері турасындағы сауалдарға жауап беретін болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты