Accessibility links

Байқоңырдан тағы бір миллионер ұшады


АҚШ ғарыш агенттігінің бастығы Майкл Гриффин бүгін Байқоңырға келеді деп күтіліп отыр. Майкл Гриффин Ресей ғарыш агенттігінің бастығы Анатолий Перминовпен бірлескен жоба барысын талқыламақ. Ертең Байқоңырдан жаңа халықаралық экипаж ұшырылмақ. Ресей ғарышкері Валерий Токарев және АҚШ ғарышкері Уильям МакАртур ғарыш станциясында тамыз айына шейін болмақ. Олармен бірге америкалық ғарыш саяхатшысы Грегори Олсен бармақ, ол Жерге он күннен кейін оралмақ. Грегори Олсен бұл сапарға 20 миллион доллар төледі, ол ғарышқа саяхат құратын үшінші миллионер.
XS
SM
MD
LG