Accessibility links

Беларус газеті бір күн тоқтап еді бүкіл ЕҚЫҰ шулады


Беларус баспаханасы "Народная воля" газетін шығарудан бас тартты. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Беларус үкіметін газетті жаппауға шақырды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аймағында газеттің жабылуы – ол шектен шығатын жағдай, газет жабылса Беларус қоғамына үлкен нұқсан келеді, - деді ұйым өкілі Миклош Харазци. Мемлекет иелігіндегі баспахана мен газет тарату мекемесі "Народная воля" газетімен жұмыс істеуден кеше бас тартқан. Баспахана мен газет тарату мекемесі газет заң бұзады, бағасы тым қымбат, алушылары тым аз деген уәждерін айтқан екен.
XS
SM
MD
LG