Алматы қаласы әкімінің биылғы жылы сәуірдің 12-сінде шығарған қаулысына сәйкес көптеген үйлер құлатылуға жатқызылды. Алайда, олардың тұрғындарының басым көпшілігіне сол үйлердің негізгі құны берілмей отыр дейді «Өз үйімізді қорғаймыз» қоғамдық комитет жетекшісі Маржан АСПАНДИЯРОВА:
- Жер учаскелерін құрылыс компаниялары азын-аулақ тиын-тебенге сатып алып, ол ақшаға тұрғындар Алматыдан ешқандай үй де, пәтер де сатып ала алмайды. Ал елден 25-30 мың долларға сатып алған учаскелерді компаниялар, мысалы, Байтұрсынов Құрманғазы көшелері қиылсындағы үйлерді 3 жарым миллион долларға сатып жатыр. Сонда артық ақша кімнің қалтасына кетеді?!
Алматы қаласы Қаратаев көшесінде тұратын Асылбек ДӘРМЕНОВКЕ сот оның құлатылатын үйі үшін «Алматы-Жер» кәсіпорны тиісті ақша төлейді деп шешім шығарған. Өтемақы Дәрменовтің көңілен шыққанымен, шешім күшіне енгеніне 2 ай өтсе, ақша қолына тимей отыр:
- 2 ай күтіп отырмыз. Бірақ бермей жатыр. Егер ақшаны бермесе, онда сотқа қайта шағымданамын. Ақшаны пайызбен қайтаруын талап ететін шығармын. Үйімді бермеймін!
Осы көшеде тұратын Күсұлу ҚАРАБЕКОВА да үлкен үй-жайына дұрыс баға берілмегенін айтады:
- Мен үйімді тиын-тебенге бермеймін! Бір жолы сот сарапшылары әр шаршы метрін 500 доллардан есептеді, одан кейін 350 деді. Енді «150 доллар санаймыз» дейді. Ол деген баға ма?!
Фурманов Қажымұқан көшелерінің қиылысындағы үйде тұратын Жұмагүл БАЙТЕЛЕЕВА мен осы үйдегі 8 пәтердің иелері жұма күні болатын сот мәжілісін асыға күтіп отыр. Байтелееваның айтуынша, олардың жайлы пәтерінің орнына жатақханының бөлмесі берілген. Алайда, олар «Алматы-Жердің» бұл ұсынысымен келіспейді:
- «Жатақханының бір бөлмесін береміз. Басқа ештеңеміз жоқ», - деп жатыр. Біз үй сұрап отырмыз. Себебі, қазіргі пәтерімізді 20 жыл істеген мекемемізден алған едік. Оған қаншама еңбек сіңірдік! Енді сотты күтіп отырмыз. Бүгін болуы керек еді...
Мұндай тығырыққа тірелген азаматтардың саны жүзден асады. Ал бұл мәселенің туындауына Алматы қаласы әкімінің заңсыз қаулысы себеп дейді Маржан Аспандиярова:
- Бұл заңсыздықтардың барлығы әкімнің қаулысына негізделген. «Тұрғын үй туралы» заңға, «Сәулет пен құрылыс қызметі туралы» заңға, Конституциямызға қайшы келеді. Сондықтан, біз бұл қаулының күші жойылсын деген талап қойдық.
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты қыркүйектің 29-ы күні оның шағымын қарастырып, қанағаттандырмай тастады. Арызданушының сөзіне қарағанда, Алматы қаласы әкімшілігінің заңгері ешқандай сауалға мардымды жауап бере алмаған, ал әкімді сотқа шақыру туралы оның өтініші ескерусіз қалған.
Алматы әкімшілігінің заңгері Нәдия ЕГІЗЕКОВА «АЗАТТЫҚ» радиосына бұл іс бойынша қандай да бір түсіндірме беруден бас тартты.
- Мемлекеттік қызметкер ар-ожанданы туралы кодекс бойынша мен ешқандай түсіндерме бере алмаймын. Алдымен Алматы қаласы әкімінінен рұқсат алыңыздар. Солардың рұқсатымен ғана жауап беремін, - деді Алматы қаласы әкімшілігінің заңгері.
Ал адвокат Николай УСОВТЫҢ айтуынша, құлатылуға жатқызылатын үйлерден тұрғындарды шығаруда бірнеше заңсыздықтар орын алып отыр:
- «Қазақстанның сәулет және құрылыс қызметі туралы» заңының 13-ші бабы азаматтардың құрылыс шараларын талқылауға тікелей қатысуға құқық береді. Осы заңның 15-ші бабында үйлері бұзылуға жатқызылған тұрғындардың бұл жайында алдымен хабардар болуы қажеттігі көрсетілген. Алайда, бүгінгі жағдайда әкімшілік өздері шешім қабылдайды да, үй иелері бұл туралы тек ең соңғы сәтте естиді. Тіптен оларға өтемақы тағайындалған күннің өзінде оның қандай есеп-шот арқылы және қандай мерзімде қайтару уақыты белгіленбеген. Оған қоса «Баспана бойынша қарым-қатынас заңына» сәйкес құлатылған үйлердің орнына жайлы пәтер берілуі керек. Әйтсе де, оның орнына көптеген тұрғындарға 10-20 мың доллар көлемінде ақша ұсынады. Ал бұл ақшаға Алматыда пәтер алу мүмкін емесі белгілі,- дейді авдвокат Николай Усов.
Алматы қаласы республика бойынша тұрғындары көп ірі мегаполис қана емес, тұрғын үй бағасы өте жоғары қымбат қалалардың бірі болып есептеледі. «Өз үйімізді қорғаймыз» қоғамдық комитеті Алматы қаласы әкімінің қаулысы бойынша шығарлыған сот шешіміне риза болмағандықтан, оны Алматы қалалық сотында қайта қарауды талап етпек.