“Жас Алаш” басылымының соңғы санында жарық көрген жазушы Адам Мекебаевтың “Өз бетімен келетін оралман өгей емес” атты мақаласында қазіргі кезде қазақ халқының 5 миллионнан астамы 40-қа жуық сырт мемлекетте өмір сүріп жатқандығын сөз етіледі. Автор мақаласында: “мемлекеттен жәрдем күтпей-ақ өз бетінше келушілерге қамқорлық жоқ, тіпті олар азаматтық ала-алмай сандалып жүр, - деп жазады да, өткен он төрт жыл ішінде жарты миллион қазақ өз жұртына оралыпты. Бұл аз ба көп пе?” - деген сауал қояды. Одан әрі автор: “бұл қарқынмен 5 миллион қазақты ата-жұртқа көшіріп алу үшін 150 жыл қажет екенін есептей бастасаң зәр-иманың ұшады. Ұлттық идиологиясы тоқтаусыз жұмыс істеп жатқан елге өз ішіндегі майда этностың жастарын ассимиляцияға ұшырату үшін 40 жыл молынан жеткілікті. Сондықтан үкіметке квотаға қатысты мәселеге түзету енгізу керек”, дейді. Басылым бетінде оралмандар мәселесі одан әрі Руслан Ерболұлының “Қазақ қала салып көрмеген бе?” атты мақалада жалғасын тауыпты. Автор мақаласында: “Отыз екі елден жиналған 300–ден астам қандасымызға бас қалада қонақ кәде кеңінен жасалды. “Әлемді мойындатқан Астана”, Дүние жүзі үлгі тұтқан Қазақстан” деп басталатын баяндамалар мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының атқарып тастаған еңбектері түгенделген сәтте, әдемі сөздерге шапалақ соғылып, жиын “сабырлы саясатқа қолдау көрсету борышымыз” деген сарындағы үндеуді қабылдаумен тәмәм болды. Үкілеп өткізген үшінші құрылтайдың негізгі мақсаты осы ма еді? - деп жазады. Руслан Ерболұлы: “Құрылтайда шетелден келіп бизнес көздерін ашатын кәсіпкер қазақтарға жеңілдіктер жасау мәселесі көтерілді. Бір қарағанда жөн көрінгенімен, мұнда да боссөздік басым”, дейді. Автор мақаласын: “ондай жеңілдікті жемқорлық жұтып жіберетін қоғамда қандас кәсіпкерлерімізге адым аштыра қоюы екі талай”, деп қорытындылайды.
Ал “Егемен Қазақстан” газеті Астанада өткен құрылтайдан “Қазақстан әлем қазақтарының қамқоры” атты репортаж беріп, бүгінгі таңда ата мекеніне оралған, қазақтарға мемлекет тарапынан қарастырылған көмектер туралы жазыпты. Сондай-ақ, басылым 5 қазан мұғалімдер күніне орай Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада білім саласы қызметкерлерімен кездесуіне де айырықша назар аударыпты.
“Казахстанская правда” басылымы соңғы санында 2007 жылдан бастап ұстаздар жалақысының тағы да 30 пайызға көтерілетіндігін хабарлапты.
“Айқын“ басылымының жазуынша, Қазақстан мектептерінде сабақ беретін мұғалімдердің 1,2 пайызы тек орта мектеп бітіргендер, 22,4 пайызы тек бері де ғана колледж тәмәмдағандар болса, қалған 77 пайызы білімнің биік шыңын бағындырғандар екен. Сондай-ақ басылым биылғы жылы 47 білім ордасы пайдалануға берілді, арнайы әзірленген бағдарламаға сәйкес алдағы үш жылда тағы да 242 мектеп ашу жоспарланғанын жазыпты.
Ал “Экпресс К” басылымы мәдени тақырыптар мен қатар президент Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысының еуропалық істер жөніндегі көмекшісі Дэниел Фридтің кездесуіне назар аударған екен. Кездесудің табысты болғанын тілге тиек еткен автор, Дэниел Фридтің екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығының дами беретіндігіне сенім білдіргенін жазады. Сондай-ақ кездесу кезінде Қазақстан президенті де сайлау әділ әрі демократиялық жағдайда өтетіне сенім білдіргені айтылыпты.