Accessibility links

Қытай бүгін Қытай халық республикасының 56 жылдық мерекесін атап өтуде


Осыған дейін ол датаға арналған бір апталық үлкенді-кішілі мәдени шаралар болып өтті. Бейжіңдегі Тянаньмен алаңына жиналған қауым Ұлттық жалау көтерілген кезде әуеге 10 мыңдай көгершін ұшырды. Кеше Қытай үкімет басы Уен Жиабао бұл коммунистер билігіндегі елде негізгі назар экономикалық даму бағытында болады деді.

Бүгін Қытайдың солтүстік батыс аймағы - Шыңжаңда ол аймақтың Қытай коммунистік партиясы билігі астына өткендігінің 50 жылдығы аталып жатыр. Шыңжаң аутономиялы облысы орталығы Үрімшіге келген қауіпсіздік қызметінен үлкен ресми Луо Ғанның айтуынша, өткен жарты ғасырда Шыңжаң күтпеген жетістіктерге қол жеткізіпті. Ол жікшіл, терроршыл топтарға қарсы алдағы кезде де аяусыз күрес жалғаса береді деді. Бейжің, Қытай бірлігін бұзатын лаңкестер деп атаған Мұсылман ұйғырлары өздері Шығыс Түркістан деп атайтын аймақтың тәуелсіздігі, дербестігі үшін ондаған жылдар бойы күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG