"Темір жұдырық" деп аталған операция Анбар провинциясында кеше таңертең басталып, операциялар барысында 10 адам қаза тақпан, 15 адам түрлі жарақат алған. Киркук қаласында төрт полиция бомба жарылысында мерт болған. Бұл аралықта АҚШ президенті Джорж Буш апталық радиоүндеуінде Америка әскерилері жаттықтырған Ирақ қауіпсіздік күштерінің дайындығына деген алаңдаушылық күмәнді сейілте сөйледі:
- Мен Ирақ қауіпсіздік күштерінің ұлғайып, қабілетінің артқанын қолдаймын. Бүгін бүкіл ел көлемінде 100-ден астам батальон қимыл-әрекет етуде және біздің қолбасылар олардың жақсы дайындықтан өткендігін айтты, - деген президент Буш.